Жаңалықтар

Алтын Орда дәуірінің құнды жәдігерінің ерекшелігі неде?

Археолог Айбар Қасеналин экспедиция және жәдігер туралы
Алтын Орда дәуірінің құнды жәдігерінің ерекшелігі неде?
26.12.2018 16:43 9116

Ұлытау өңіріндегі «Болған ана» кесенесінен біздің заманымыздың 12 ғасырына дейінгі құнды жәдігерлер табылды. Салмағы 244 грамм (900 сынама) болатын тостағанның жан жағы ою-өрнекпен көмкерілген. Ортасында қызғалдақ бейнеленіпті. Онымен қоса қорымнан әйелдің былғары етігі, сүйектен жасалған шашқа тағатын түйреуіш, сырға (850 сынама) пен жібек матаның қиындысы табылған.

Қазба жұмыстары Алтын Орда билеушілерінің Ұлытау өңірін мекендегінін ресми түрде дәлелдеу үшін жасалған.  Ел арасында Болған ана жайлы аңыздар көп. Біреулер оны Шыңғыс ханның қызы десе, біреулер келіні дейді. Бұл сұрақтың нақты жауабын тарихшыларға қалдырып, жәдігерлер жайлы археолог Айбар Қасеналиннің ойын тыңдасақ.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға