Төтенше жағдай режимі тоқтатылғаннан кейінгі елорда көрінісі

12.05.2020


Шамамен екі айға жуық уақытқа созылған төтенше жағдай режимі тоқтағаннан кейін Қазақстанда біраз шектеулер алынып тасталды. Яғни аумағы екі мың шаршы метрге дейінгі азық-түліктік емес дүкендер, сұлулық салондары, балаларды дамыту орталықтарына жұмыс істеуге рұқсат берілді. Одан бөлек, Ақтөбе, Павлодар, Тараз, Қарағанды, Талдықорған, Көкшетау қалаларына әуе бағыттары ашылды. Сонымен қоса, елорданың спирт аңқыған қоғамдық көліктері де іске қосылды.

Ал 13 мамырдан бастап қалалық велопрокат қызметінің жұмысы жанданбақ.